Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП Университеті» АҚ бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.
2005-2010 жылдары — «Қызылорда ЭҮК» АҚ Бас директоры.
2011-2013 жылдары — «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.
2013 жылдан 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі Басқарушы директоры қызметін атқарды.
Бұған дейін Қайрат Рахимовтың ҚР Энергетика вице-министрі қызметінен босатылғаны белгілі болды.