Алматылық мектеп оқушысы Мәлике Бектұрова Франция астанасындағы скрипкашылар сайысында талғампаз қауымды таңғалдырды
Скрипкашылардың Александр Глазунов атындағы сегізінші халықаралық конкурсына Англия, Бельгия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Өзбекстан, Франция және Оңтүстік Корея сияқты елдерден елуге жуық талапкер келіп, Париж консерваториясының үлкен концерттік залын күй-думанға бөледі. Қазақстандық скрипка өнерінің өкілдері осынау кірпияз байқауға алғаш қатысып тұрса да, олардың сиқырлы аспаптағы құйқылжыған ойыны еуропалық классикалық музыка білгірлерін бірден баурап алды.
Беделді жюри бірінші орынды Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектебінің 6-сынып оқушысы Мәлике Бектұроваға беруді бірауыздан ұйғарды. Осы мектептің 10-сынып оқушысы Наргиз Мамедова жүлделі үшінші орынның дипломымен марапатталды.
Айта кетсек, Мәлике Бектұрова бұдан бұрын да Астана мен Алматыда өткен бірқатар халықаралық конкурстардың лауреаты атанған еді. Балғын жас скрипкашы үлкен сахнаға алғаш рет 7 жасында шығып, сол кездің өзінде күрделі бірнеше композицияларды мінсіз орындап, өз шеберлігімен отандық мэтрлерді ғана емес, сонымен бірге, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының профессоры Владислав Иголинскийді де сүйсіндірген болатын. Скрипка бойынша ұстаз Құралай Ахметованың айтуынша, осы жолы француздық маэстролар – Париждің жоғары музыка мектебі оқытушыларының таңдануына тура келген. Мәликенің пьесалардан, этюдтер мен концерттік сололардан тұратын үлкен бағдарламаны тамаша орындағаны соншалық, зал оған: «Браво!» деп қолпаш білдіріп, орындарынан тік тұрып құрмет көрсеткен. Жас қыздың шетелге шыққан бетінде-ақ мұншалық мәртебелі музыкалық конкурста Қазақстанның намысын қолдан бермей, лайықты қорғағаны қуантады. Сондай-ақ, шетелдік сарапшылар біздің жас талаптардың кәсіби деңгейі Еуропадағы танымал скрипка мектебінің өресінен бір де кем еместігін атап көрсетті.
Скрипка ойнаудағы жоғары шеберлік машығына алғыс-марапат ретінде конкурсты ұйымдастырушылар Мәликені Монбландағы жазғы халықаралық семинарға шақырды. Онда скрипка өнерінің профессорлары, әлемдік тұлғалар шеберлік сыныптарын өткізеді. Сабақтардан бөлек, жас таланттардың концерттері мен жеке өнер кештері жоспарланған. Қазақтың дарынды скрипкашы қызы үшін бұл да өз өнерін шыңдаудың тамаша мүмкіндігі болмақ.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретте: Парижді таңдандырған Мәлике Бектұрова.

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15