Парламент • 13 Желтоқсан, 2021

Сенатта Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев сенаторлар мен Палата Аппаратының қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатта Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Сенат Төрағасы салтанатты жиын барысында қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің өткен кезеңдегі басты жетістіктеріне тоқталды. Мәулен Әшімбаев мемлекеттің заңнамалық базасын нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы да айтты.

«Қазақстан Елбасы саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдарында елеулі табыстарға қол жеткізді. Биліктің сабақтастығы бізге қол жеткізген жетістіктерімізді сақтауға және одан әрі өркендей беруге мүмкіндік берді. Сенат бүгінгі таңда Президентіміздің елімізді жаңғырту бағдарын заңнамалық қолдау тұрғысында белсенді жұмыс істеп келеді», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат депутаттарынан Палата Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров – ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сенаторлар Дәурен Әділбеков, Нұрлан Бекназаров, Нұртөре Жүсіп, Сағындық Лұқпанов пен Абдалы Нұралиев – «Парасат» орденімен, Ольга Булавкина мен Ләззат Рысбекова – «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сенат Аппараты қызметкерлерінен бөлім меңгерушілері Каналбек Райымбеков, Николай Турецкий «Құрмет» орденімен, бөлім меңгерушісінің орынбасары Ербол Әбдірасылов – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, бас консультанттар Эльмира Мұхаметжанова және Болат Омар Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.