06 Наурыз, 2014

Миллиард теңгенің мұнайы қолды болды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысындағы «Bahyt Petrol Group» ЖШС деп аталатын кәсіпорын айдың-күннің аманында Павлодар мұнай-химия зауытын миллиард теңгеге жуық ақшаға шығынға батырды да қойды. Қылта астында тығылып жатқан бұл қылмысты Ақмола облысының Қаржы полициясы анықтады. Осыған байланысты аталмыш аймақты қаржы полициясының депар­таменті қазір «Bahyt Petrol Group» серіктестігін басқаратын лауазымды тұлға­лардың үстінен қылмыстық іс қозғады. «Аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лауазымды тұлғаларына 2013 жылдың қаңтарынан қазіргі кезге дейін «Павлодар мұнай-химия зауыты» акционерлік қоғамынан сақтауға қабылдаған 3600 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензин мен көлемі 4500 тоннадан асатын АИ-80 маркалы бензинді ұрлады деген айып тағылуда. Зауытқа осы арқылы 900 млн. теңгеден астам шығын келді», – деді департамент баспасөз қызметіндегілер. Қазір қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-тармағы «б» тармақшасы бойынша тексерілуде. Қаржы полициясы оның нәтижесін соңынан жұртшылыққа жария етуге уәде етіп отыр. Құрыш НҰРЫМБЕТ.