Елорда • 14 Желтоқсан, 2021

Биыл елордада 674 өрт оқиғасы тіркелді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Отарғалымұлы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Биыл елордада 674 өрт оқиғасы тіркелді

«Осы жылы қала аумағында 674 өрт фактісі тіркелді. Өрттерден 18 адам жарақат алып, 11 адам мерт болды. Өрттен келген материалдық шығын 179 млн теңгеден астам соманы құрады. Ол өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында 375 млн теңгеден астам тұратын материалдық құндылықтар сақталып қалды», деп атап өтті ол.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес өрттердің 48%-ы немесе 308 өрт оқиғасы тұрғын үй секторына тиесілі. Атап айтқанда, жеке үйлерде 203, көппәтерлі тұрғын үйлерде 70 өрт тіркелді.

«Саяжай және басқа да тұрғын үйлерде 35 өрт фактісі тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 4%-ға өсіп отыр», деді Еркін Отарғалымұлы әкімдіктің Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.