Медицина • 14 Желтоқсан, 2021

Донорлық органдарды елге әкелу мен әкету қағидалары өзгертілді

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрықпен ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерден ел аумағына әкелуге және сол мемлекеттерге адамның биологиялық материалдарының үлгілерін әкетуге қорытындылар беру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Донорлық органдарды елге әкелу мен әкету қағидалары өзгертілді

Мәселен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан аумағына әкелу мен әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін заңды тұлғалар медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық департаменттеріне egov.kz, elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондардың үлгілерін, өтініш пен мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген құжаттар тізімін жібереді.

Бұл ретте жыныстық жасушалар мен эмбриондарды, гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді әкелу және әкету қорытындылары жеке тұлғаларға берілмейді.

Құжаттарды қараудың және рұқсат беру құжатын берудің жалпы мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.

ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан аумағына әкелуге және ел аумағынан осы мемлекеттерге адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды әкелуге рұқсат беру құжаты Республика шекарасы арқылы бір рет ауыстыруға беріледі.

Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган ол тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Бұйрық 2021 жылғы 24 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.