«Жол апаты шамамен сағат 07.00-де Гойнук аймағындағы Амасия-Чорум тас жолының 25-ші шақырымында болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. 2 адамның жағдайы ауыр», деп жазды Milliyet басылымы.
Оқиға орнына полиция, дәрігерлер және өрт сөндіру бригадалары келді. Апат салдарынан Амасия-Чорум тас жолы біраз уақытқа жабылды.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жолдың тайғақтығына байланысты рөлге ие бола алмай қалған.