Экономика • 14 Желтоқсан, 2021

Кредитті ресімдеудің дұрыс уақытын қалай алдын ала болжауға болады?

611 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Егер эзотерикамен айналысатын адамнан «несиені қашан алған дұрыс» деп сұраса, ол «ай кеміп бара жатқанда қайтарылады» деп жауап береді.

Кредитті ресімдеудің дұрыс уақытын қалай алдын ала болжауға болады?

Немесе керісінше, қаржыгерлердің өз ырымдары бар – олар есепті кезеңдердің (ай, тоқсан, жыл) соңында ақша алуға кеңес береді. Бұл ретте екеуі де өз болжамдарында қателеседі.

Болжаушыға бармаңыз, бірақ базалық мөлшерлеме бойынша болжамды қараңыз.

Карталардың орналасуына, рундарға немесе өзіндік дербес карта жасауға жұмсалған уақытты ақша-кредит саясатының болашағы және Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемеге қатысты ниеті туралы сараптамалық мақалаларды оқуға жұмсауға болады.

Берер ләззаты аз, бірақ пайдасы көп, өйткені кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме базалық мөлшерлемеге тәуелді болады. Жұлдыздардың бұл жерде еш қатысы жоқ. Қарапайым логика жұмыс істейді. Банктер Ұлттық Банкте базалық мөлшерлемеге тең пайызбен кредиттеледі. Банктер алынған ақшаны адамдарға береді. Бұл ретте халық үшін пайыздар ұлғаяды, өйткені банкте операциялық шығындар (қызметкерлердің жалақысына, жалға алуға және т.б. үшін) бар. Бұдан тысқары, кредит ұйымы ақша табуы тиіс, сондықтан халықтың пайыздық мөлшерлемесіне маржа да енгізілген. Нәтижесінде кредит бойынша мөлшерлеме базалық мөлшерлемеден төмен бола алмайды.

Бұл білімдер бізге не береді?

Базалық мөлшерлеменің артуы кезеңінде кредиттер қымбаттайды, сондықтан талдаушылардың Ұлттық Банктің саясатына қатысты болжамдарына қараймыз және қорытынды жасаймыз. Егер сарапшылар базалық мөлшерлеме 1 тармақшаға артуы мүмкін деп жазса, яғни кредитті кейінге қалдырмай алудың мағынасы бар — болашақта мөлшерлемелер өседі. Егер сарапшылар базалық мөлшерлемені төмендетудің алғышарттары бар деп жазса, онда шартты ресімдеуді кейінге қалдырған жөн. Болашақта тарифтер төмендейді.

Бұл логика МҚҰ қарыздарға қолданылмайды, өйткені микрокредиттік ұйымдар заңға бағынады және нормативтік-құқықтық актілер белгіленген деңгейде пайыздарды белгілейді.

Сәтті кезеңдер болады — Сізге банктердің акцияларын бақылау қажет

Сіз есепті кезеңнің соңында кредит алуға кеңес беретін қаржыгерлердің пікірлерін жиі кездестіруге болады. Мысалы, тоқсанның немесе айдың соңында. Осылайша, Новости РАА: «Қарызды ресімдеу кезінде бөлімше менеджерлері сатуды ұлғайтуға тырысады, ал жаңа клиенттер жеңілдіктерді немесе бонустарды талқылай алады» деген «Қаржыны басқарудың жоғары мектебі» талдамалық зерттеулер бөлімінің басшысы Михаил Коганның сөзін келтіреді.

Қарапайым сөзбен айтқанда, банк бөлімшелерінің сату жоспары бар. Оны орындау үшін қызметкерлер жеңілдіктер беруге дайын.

Кейбір банктер үшін ереже әділ болуы ықтимал. Бірақ біз керісінше жағдайды — қызметкерлердің сату жоспарын орындап, бірақ қосымша қызметтердің орындалмағанын елестете аламыз. Олар барлық мүмкін сақтандырулармен кредит ресімдейді, я болмаса, айдың басында келіңіз дейді.

Сарапшының кеңесін әмбебап деп атауға болмайды. Бір де бір банк ешқашан жеңілдіктердің жоспарды орындау үшін жасалатынын мойындамайды.

Бірақ әлі күнге дейін мерекенің қарсаңында банкке бару қажет болатын кезеңдер болады. Жеңілдіктер, сыйлықтар, ұтыс ойындары әрбір маңызды себептерге орай ұйымдастырылады. Соның ішінде ең тиімдісі – Жаңа жыл қарсаңында. Қазіргі жағдайда, базалық мөлшерлеме көтерілген кезде, кредит бойынша пайыздар ең тиімді болмауы мүмкін. Бірақ жүлде алуға, акцияға қатысуға немесе төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен кредит алуға мүмкіндік бар. Дәлелсіз пікірлер жинап, ойша жорумен әуре болмай-ақ, келесі жылы кредиттер бойынша пайыздардың жоғарылау ықтималдығы едәуір екенін айтуға болады.

Тағы да ескерту жасаймыз — микроқаржы ұйымдарының бұл жерде еш қатысы жоқ. Олардың пайыздары тұрақты. Бұл ретте МҚҰ да ықыласпен жасалады науқандар мен ұтыс ойындарын қуана-қуана ұйымдастырады. Сіз тіпті күніне 0,1% символдық пайызбен қарыз ала аласыз немесе ұтыс ойынына қатыса аласыз. Smartzaim.kz порталында Қазақстандағы онлайн-қарыз беретін МҚҰ барлық өзекті акциялардың тізбесі бар.

Кредиттер туралы аңыз

Базалық мөлшерлемеге қайта оралайық. Ұлттық банк инфляцияны ұстап тұру үшін, оны көтереді. Адамдар көбірек үнемдеп, аз жұмсайды деп болжанады – сұраныс төмендейді, өндірушілердің белсенділігі де төмендейді. Тиісінше, бағалар өсуін тоқтатады деп болжанады.

Бұл кредит ресімдеудің ең сәтті кезеңі емес деп ойлау қисынды.

Барлық тең жағдайларда - солай. Ең дұрысы – кредит алудан бас тарту. Бірақ жағдайды басқа қырынан қарастырайық. Инфляция бүкіл әлемде өсіп келеді және әлі тоқтайтын түрі де жоқ. Демек, ақша-кредит саясаты одан әрі қатайтылып, кредиттер де қымбаттайтын болады. Тауарлардың да бағалары қымбаттайды. Егер қазір ірі сауда жасау, мысалы, жұмыс істеу үшін компьютер сатып алу  қажет болса, күте тұрудың қажеті жоқ – жақын арада одан арзандамайды.

Егер инфляция жеделдетілсе, онда қарыз алушы әлі де ұтады – төлем өзгеріссіз қалады. Күн сайын қымбаттаған тіршілік аясында ол, тіпті, бірте-бірте білінбей қалады.

Бірақ маңызды шарт бар. Клиент өз жалақысының, инфляцияға қарағанда, тез өсетін немесе осындай өсу әлеуеті бар болған жағдайда ғана ұтысқа жетеді.

Атап айтқанда, өсім күтілуде немесе қосымша табыс алу мүмкіндігі бар.

Компьютер сатып алйық және онымен үйде отырып жұмыс істейсіз делік.

Егер қаржылық жағдай тұрақсыз болса, жұмыстан босауыңыз немесе табысыңыздың төмендеуі мүмкін (қаңтардағы демалыс кезеңінде мұндай жағдайлар сирек емес), онда тәуекелге бармағаныңыз жөн. Бағалар өседі, өмір сүру деңгейі төмендейді, ал кредит төлемі кедергі келтіреді және жүйкеңізді шаршатады.