Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2021

1,7 млрд тонна мұнай өндірілді

737 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтың мәліметіне сүйенсек, еліміз тәуелсіздік алғалы өндірудің өсу қарқынында айтарлықтай серпіліс байқалып отыр.

1,7 млрд тонна мұнай өндірілді

«Тәуелсіздіктің 30 жылында мұнай өндіру 3,5 есеге, газ өндіру 7 есеге ұлғайды. Осы кезеңде 1,7 млрд тонна мұнай, 790 млрд текше метр газ өндірілді. Ал, 1,4 млрд тонна мұнай экспортталды. 2020 жылдың қорытындысымен газ өндіру көлемі 55,1 млрд текше метрді құрады. Электр энергетикасы саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде электр энергиясын өндіру 83 милиардтан 108 млрд квт/сағатқа дейін артты. Яғни 30%-ға ұлғайды» дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, жаңартылатын энергия көздерін дамытуда жоғары  қарқын бар. Қазір елімізде жаңартылатын энергия көздерінің 126 объектісі жұмыс істеп тұр. Оның жалпы қуаты 1975 МВТ-ты құрайды.

«Біз осы жетістіктермен тоқтап қалмауымыз қажет. Алдымызда мұнай-газ, энергетика саласын дамытудың жаңа белестері тұр. Осы жолда аянбай еңбек етіп, тәуелсіздіктің жаңа онжылдығында елімізді асқақтата береміз» деп мәлім етті Мағзұм Мырзағалиев.