Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2021

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел тұрады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15 желтоқсан күні еліміздің бірқатар облыстарында тұман мен дауыл болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел тұрады

15 желтоқсанда Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, 15 желтоқсанда Атырауда оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, солтүстік-шығыста, шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан, батыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Ал, Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.

15 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкентте және Түркістанда түнінің бірінші жартысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде де тұман күтіледі. Облыстың батысы мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысы мен орталығында екпіні 17-22 м/с жетеді.

15 желтоқсанда Ақтауда шаңды дауыл болады деп болжануда. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді,

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күшейеді.