Әлем • 14 Желтоқсан, 2021

Асқар Ақаев Қырғызстанға келді

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Құмтор туралы іс бойынша куәлік беру үшін Қырғызстанға ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Ақаев Қырғызстанға келді

Sputnik Қырғызстан жария еткендей, экс-президент 14 желтоқсанда ұлы Илиммен бірге Бішкекке оралды. Бұған Құмтор ісі бойынша айғақтар беру себеп болды.

Ақаевтың жақындары хабарлағандай,ол ҰҚКҰ келісімі бойынша еліне екі-үш күнге ұшып келген.

«Ақаев Құмтор туралы іс бойынша куәлік береді. Бұл жолы бұрынғы президент Кеминге бармайды, ол тергеудің барлық сұрақтарына жауап беруге ниетті», дейді экс-президенттің туыстары.

Еске сала кетсек, 2 тамызда Ақаевтың Қырғызстанға Құмтор кен орны туралы іс бойынша айғақтар беру үшін жеткізілгені белгілі болды. Бұл оның «Қызғалдақ төңкерісінен» кейінгі еліне бірініш рет оралғаны болды. Экс-президент отанында бірнеше күн өткізіп, Мәскеуге қайта оралды.

Асқар Ақаев 1991 жылдан 2005 жылға дейін Қырғызстан Республикасының президенті болды. Елде жаппай ереуілдер басталғаннан кейін ол отставкаға кетуге мәжбүр болды. 2005 жылдан бастап Ресейде тұрады.

Құмтор - жанжалдың ортасында болған алтын кен орны. 2021 жылы республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ірі науқан басталды, оның барысында бірқатар шенеуніктер ұсталды. Олардың қатарында экс-депутаттар мен премьер-министрлер бар. Оларға Құмтор кен орнын игеру жобасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасады деген айып тағылды.