Елорда • 15 Желтоқсан, 2021

Ulttyq tárbıe – ұлттық идеологияның өзегі

354 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, армандап өткен ел егемендігінің бүгінгі жарқын бейнесі – елорда. Бас қалада ұлтымыздың ұстынына айналған ұлттық бірегейлігіміз, рухымыз, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз сабақтастық тауып келеді. Сарыарқа төрінде бой көтерген шырайлы шаһарда қазақ елінің қайсар болмысы мен өр рухы, келіс-келбеті көрініс тапты. Тәу етер Тәуелсіздігіміздің ең ұлы жетістігі де, баға жетпес байлығы да – осы астана.

Ulttyq tárbıe – ұлттық идеологияның өзегі

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Елорда төрінде еліміздің ру­ха­­ни құндылықтары қашан да ал­дыңғы орынға қойылып келе­ді. Елбасының ең ұлы туындысы саналатын шалқар шаһарда хал­қы­мыздың асыл қасиеттері асқақ­тап тұр. Осылайша бүгінгі елордада ажары мен келісті кел­­бе­­тін сақтай отырып, ұлттық ұлы рухы­на да маңызды мән бері­леді. Қала­­ны «Нұр-Сұлтан – жай­лы қала» мас­тер-жоспарына сәй­кес дамытудамыз. Осы жылы 200-ге жуық аула мен қоғам­дық кеңістікті абат­тандырдық. Ден­сау­лыққа пай­дасы бар таза ауада жай­лы уақыт өткізуге арналған жаңа орын­­­д­ар ашылды. Атап айтқанда, NS street life көше спортының колизейі, қаладағы алғашқы «Теат­ральный» жаяу жүргіншілер желек­жолы, Demalys Promenade жаяу жүргіншілер көшесі, құтқа­рушылар, мұғалімдер және та­ғы басқалардың құрметіне ар­нал­ған тақы­рып­тық алаңқайлар. Абаттандыру кезінде қаланы көгалдандыруға назар аударамыз. Биыл 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызамыз, театрлар мен көрікті жерлерде өзіндік «жасыл аралдар» пайда болды», дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Жуырда елорда төрінде «Ру­ха­ни жаңғы­ру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен инфографика түріндегі «Қажырлы ең­бек – табыс кілті» атты электронды флаерлерін әзірлеу жобасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеңімпаздары марапатталды. Ulttyq tárbıe идеологиялық платформасы аясында институт жүзеге асырып отырған жоба бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиын­дық­тарға мойымай, қоғамға пай­да­­сын тигізген тұлғаларға арналды. Сол арқылы жастарды еңбексүйгіштікке баулып, еңбек адамын құрметтеуге, үлгі тұтуға шақырды.

Биыл тамыз айында бастау алған жобаға білім беру, ғы­лым, медицина, мәдениет, ауыл ша­руа­шылығы жә­не өнеркәсіп сияқты 6 сала бойынша аза­маттар қатысты. Олар өздерінің кәсі­би біліктілігімен жетістікке жет­кен өмірбаяны, қызметі және жетістік­тікте­рі туралы ақпараттарды әлеуметтік желіде жарияла­ды. Жарияланған 654 пост­тың 282-сі ақпараттық болса, 372-сін еліміздің өңірлеріндегі тұлға­лардың өздері ұсынды. Аталған жобаға Нұр-Сұлтан қаласынан 10-ға жуық адам қатысты. Солар­­дың арасынан ҚазКСР Ең­бек сіңірген әртісі, өнертану кан­­ди­­даты, өнертану профессоры, Қазақ ұлттық хореогра­фия ака­де­мия­сының хореогра­фия факуль­теті режиссура кафед­расы­ның профессоры Тойған Ізім мен ауыл­шаруашылық ғылым­дарының кандидаты, доцент, «Стандарттау және сертификат­тау» саласының маманы Зарифа Қашқарова жеңімпаз атанды. Ең бастысы, Ulttyq tárbıe идео­логиялық платформасы жастарға адал еңбекпен тапқан астың қаншалықты дәмді, мәнді болатынын үлгі етті деуге болады. Ел ішінен іріктелген 30 тұлғаның есім-сойы әлеуметтік желілерде жарияланып, жастардың назары­на ұсынылды. Осы жоба еңбек ерді де, елді де алға жете­лейтінін ойға салды. Елге Елбасы бағдар­ламасының идеялары осылай мәнді де мағыналы мәнерде түсіндірілді.