06 Наурыз, 2014

Ақпараттар ағыны

220 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

* Астанада биыл геологиялық зерттеу ор­талығы салынады. Оның құрылысы жылдың соңына қарай басталады. Индустрия және жа­ңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сау­ранбаевтың айтуынша, орталық өз алдына гео­логиялық кластер ретінде қалыптасады.

* «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы хол­дингі» 100 млн. АҚШ доллары көлемінде жеңіл­детілген несие тартты. Ол еліміздегі агро­өнер­кәсіп кешенін қаржыландыруды жүзеге асыруға, холдингтің айналым капиталын то­лықтыруға бағытталады. Жасалған мәміле мем­лекеттік бағдарламаларды қолдау мақсатында «ҚазАгро» мен халықаралық банк­тер арасында қызметтестіктің көрнекі мысалы болып табылады.

*Павлодарда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 12 жоба мақұл­данды. Мұны баяндаған «Даму» қоры аймақ­тық филиалының бас менеджері Айгүл Әлібе­кова жобалардың жалпы сомасы 1 млрд. теңгені құ­рай­тынын айтты. Олардың арасында жүк тасымалдарын ұйымдастыру, жиһаз өндірісі, спорт саласында қызмет көрсету бар.

*Алматыда мереке қарсаңында 80 әйел баспаналы болды. Олардың кілттерін ха­лық­­аралық әйелдер күніне арналған шарада тап­сырған қала әкімі Ахметжан Есімов «Қол­жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

*2013 жылы республикалық бюджет кiрi­сiндегi шикiзаттық емес сектордың үлесi 76 пай­ызға жуықтады. Өткен жылғы кiрiстiң 75,8 пайы­зы шикiзаттық емес секторға тиесілі болды. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда, 2,3 пайызға жоғары.

*Қызылорданың көпқабатты үйлеріне тұң­ғыш рет ыстық су берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың екі жыл ішінде бұл проблеманы шешу жөніндегі уәдесінің басы осылай жүзеге аса бастады. Облыс орталықтары арасында ыстық суы жоқ жалғыз шаһар саналып келген елді мекенде әзірге бұл игілікті қанатқақты жоба негізінде 40 пәтерлі екі үй көре бастады. Қазір облыс орталығын толық ыстық сумен қамту үшін 45 млн. теңгеге техникалық-экономикалық негіздеме дайындалуда.

*Қостанайда көлік жүргізетін бойжет­кен­дердің байқауы өткізілді. Осымен қатарынан алтыншы жыл полицейлер ұйымдастырып келе жатқан конкурстың қорытындысында 10 бәсекелестің арасында Ольга Ким есімді ару жеңімпаз атанды.

*Батыс Қазақстанда бес ауыл әкімінің үс­тінен қылмыстық іс қозғалды. Облыстың Жәні­бек ауданында орын алған бұл оқиға бюджет қар­жы­сын ысырап етудің негізінде орын алып отыр.

BNews.kz, Nur,kz, Egemen.kz

хабарлары бойынша дайындалды.