Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2021

Нығматулин БЖЗҚ басшысына қатаң ескерту жасады

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрағасы Жанат Құрмановқа ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нығматулин БЖЗҚ басшысына қатаң ескерту жасады

Мәжіліс отырысы кезінде сақтандыру нарығы туралы заң жобасын талқылаған депутаттар БЖЗҚ басшысына  ерлі-зайыптылардың бірлескен аннуитеті туралы сұрақ қойды. Бірақ Жанат Құрманов қойылған сұраққа нақты жауап бере алмады.

«Осы заңның жаңа нормалары екінші нұсқаны кеңейтеді. Әрине, өмірде әртүрлі жағдай болады, мысалы ерлі-зайыптының бірі қайтыс болуы мүмкін немесе ажырасады. Сондықтан заң бойынша осындай мәселелер шешіледі. Шартқа қосымшада жеке төлем кестесі бойынша осы мәселені шешуге болады», деді Құрманов.

Басшының түсініксіз жауабына ашуы келген Нұрлан Нығматулин одан «қалай шешуге болады?» деп қайта сұрады.

«Шешуге болады деп үшінші рет айтып отырсыз. Сіз бір айдың ішінде халық алдына шығып, сұрақтарға (жеткілікті шек жайлы) неге жауап бермегеніңіз енді түсінікті болды. Бір мәселеге жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа сол жақтан да, оң жақтан да кіретін жол іздеп тұрсыз. Депутат тікелей сұрады ғой. Қалай басқарып жүрсіз, егер соны білмесеңіз? Екі негізгі қадам жасау керек. Соны айта алмай тұрсыз», деп сынады спикер.

Сондай-ақ Н. Нығматулин Құрмановқа мәжіліске дайындалып келу керек екенін ескертті.