Тәуелсіздік • 15 Желтоқсан, 2021

Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық тойы басталып кетті

701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық тойы басталып кетті

Іс-шараның твит-трансляциясын Ақорданың @AkordaPress ресми аккаунтынан көруге болады. Іс-шараның жазбасы республикалық арналарда сағат 21:30-да көрсетіледі.

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздік күнін 30-шы рет атап өтуде. Еске сала кетсек, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің жаңа тарихын жаза бастады. Сол күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 16 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы», 2001 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы», 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі өзгерістермен енгізілген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атап өтіледі.