«Ал ұлт саулығын сақтау үшін мемлекетімізде бұқаралық спортпен және дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасалуда. Елімізде 38 спорт нысаны бой көтерді, 8 мыңға жуық спорт алаңы салынды», деді Президент.
Ол, сондай-ақ, азаттықа қол жеткізгелі бері төл мәдениетіміз ұлық деңгейге көтеріліп, қайта өрлеу кезеңіне қадам басқанын қоса айтты.
«Ауқымды «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды. Көптеген құнды жәдігеріміз елдің игілігіне айналды. Тарихи-мәдени мұралар инфрақұрылымы біртіндеп кеңейтілуде. 9 мемлекеттік қорық-музей құрылды. Үздік әдеби туындыларымыз алғаш рет әлем тілдеріне аударылды. Егемендік жылдарында Қазақстанда 20 театр ашылды. Ұлт киносы әлемге таныла бастады. Қазақ мәдениетінің жаңа шоғыры әйгілі сахналарда өнер көрсетуде», деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.