Тәуелсіздік • 15 Желтоқсан, 2021

Елбасы: Бізге ешқашан тоқмейілсуге, тоқтауға болмайды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өркендеу жолына түскен Қазақстанға ешқашан тоқмейілсуге, тоқтауға болмайды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай ой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы: Бізге ешқашан тоқмейілсуге, тоқтауға болмайды

«Ғасырлар бойы ата-бабалар ұлан байтақ жерді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге мирас етті. Мен сол ата-бабалар аманатына әрдайым адал болдым. «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер. Арғымаққа күн туса ауыздықпен су ішер» деген сөз бар. Жұртымның болашағы үшін жанымды аямадым. Бүгін арада 30 жыл өткен соң сол асқақ армандарымның орындалғанын көру мен үшін зор бақыт. Жеткен барлық биіктер біздікі және бәріміздікі. Оны ешкім де жоққа шығара алмайды», деген Тұңғыш Президент орда бұзар жасқа келген Қазақстан болашақта қазіргіден де қуатты, әйгілі мемлекеттің біріне айналатынына сенім білдірді.

«Қазіргі күні біз алдымызға озық 30 елдің қатарына қосылу жөнінде ерекше мақсат қойып отырмыз. Армансыз адам – қанатсыз құс дегендей, өркендеу жолында бізге ешқашан тоқмейілсуге, тоқтауға болмайды», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024