06 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы №272

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2013 жылғы 11 желтоқсан, Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі №215 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маман­дандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмән­ді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі №215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемле­кеттік тіркеу тізілімінде № 7865 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 13 қыркүйекте № 603 (27676) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3- тармақ алып тасталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 27 қаңтарда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9102 болып енгізілді.