Қоғам • 16 Желтоқсан, 2021

Елімізде ұшу қауіпсіздігі 84 пайызға артты

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылында авиация саласындағы негізгі жетістіктермен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде ұшу қауіпсіздігі 84 пайызға артты

Қазақстанның азаматтық авиациясы мемлекеттілігіміздің арқауы, ол – халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін экономиканың күре тамыры.

«Тәуелсіздіктің 30 жылында ұшу қауіпсіздігі көрсеткіші дамыған елдердің деңгейіне көтерілді. ИКАО аудиторларының ИКАО-ның Үйлестірілген валидациялық миссиясы (ICVM) шеңберінде саланы тәуелсіз тексеру қорытындылары бойынша Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 74-тен 84 пайызға дейін арттырды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15 пайызға жоғары», делінген ақпаратта.

Ұшу географиясын кеңейту және көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның 11 әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді. 68 бағыт бойынша 24 елмен жаңа халықаралық әуе рейстері ашылды және жаңартылды, бұл пандемияға дейінгі кезеңнің 66% құрайды.

«Тәуелсіздік жылдарында барлығы 18 әуежайда ұшу-қону жолақтарын қайта құру/салу және 13 әуежайда терминалдарды қайта құру/салу жүргізілді. 2020 жылы Түркістанда әуежай салынып, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы greenfield әуежайы болды. Салада цифрландыруды дамытуға үлкен мән беріледі. «E-Freight» жүк әуе тасымалдары саласында қағазсыз құжат айналымы жобасы іске асырылуда. Жеке деректерді растауға арналған цифрлық құжат қызметі Egov Mobile енгізілді», делінген министрлік мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15