Әлем • 16 Желтоқсан, 2021

Өзбекстан шетелдік туристерге tax free жүйесін енгізбек

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан билігі елдің барлық туристік қалаларында шетелдік қонақтарға сатып алған затына қосылған құн салығын қайтару жүйесін енгізбек. Бұл жайында Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таратылған ақпаратқа қарағанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейінді ведомстволарға осыған қатысты нақты тапсырма жүктеген.

Өзбекстан Президентінің атап өтуінше, Ташкентте, Самарқанд пен Бұқарада tax free жүйесін енгізу, сонымен қатар қалаларда Duty Free дүкендерін ашу арқылы жеке сауда-саттық көлемін екі-үш есе арттыруға болады.

«Толықтай алғанда, шетелдік қонақтардың сатып алған заттарына қосылған құн салығын қайтару жүйесін барлық туристік қалаларда енгізу қажет. Осы үш қаланың мысалында көрсетілген мүмкіншіліктер барлық облыс орталықтары мен ірі қалалар үшін өзекті», деді Шавкат Мирзиёев.

Айта кетейік, Өзбекстанда шетелдіктердің сатып алған затына қосылған  құн салығының сомасын қайтару жүйесін енгізу туралы жоспар 2019 жылы көтерілген болатын.

Өзбекстан Қаржы министрлігі аталған жүйені 2020 жылдың 1 шілдесінен енгізуді көздеген еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты оны енгізу мерзімі кейінге шегерілген.