Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыстан қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Жағдайы ауыр 56 адам ауруханада емделіп жатыр.
Гаити премьер-министрі Ариэль Анри елде үш күндік қаралы күн жариялады. Айта кетейік, жарылыс салдарынан жақын маңдағы 20 үй жанып кетті.