Әлем • 17 Желтоқсан, 2021

Емханадағы өрттен 19 адам қаза тапты

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның батысындағы Осака қаласындағы емханада болған өрттен қаза тапқандар саны 19-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Емханадағы өрттен 19 адам қаза тапты

Өрт алты қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан терапевтік емханада болған.

Киташинчи ауданындағы өрт туралы хабар аймақ әкімшілігіне жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да түскен. Оқиға орнына 70 өрт сөндіру бригадасы мен жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 10:45-те сөндірілді.

NHK қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, 28 адам зардап шеккен.

Тілсіз жаудың неден пайда болғаны анықталып жатыр.