Видео • 17 Желтоқсан, 2021

Луизиана штатында тас жолға тікұшақ құлады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Лаплас қаласына жақын жерде жеке тікұшақ жолға құлап, өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz kadn.com сайтына сілтеме жасап.

Луизиана штатында тас жолға тікұшақ құлады

Оқиға 14 желтоқсан күні түс ауа болған. Bell 407 тікұшағы белгісіз себептермен тас жолға құлаған. Тікұшақтың апатқа ұшыраған сәтін сол жолда келе жатқан көлік жүргізушілері камераға түсіріп алған.

Жекеменшік ұшақ  бортында тек ұшқыш болған. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға қалың тұман себеп болуы мүмкін.