Оқиға • 18 Желтоқсан, 2021

Елорда тұрғыны 2,2 млн теңгесінен айырылып қалды

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда алаяқ «ипотека рәсімдеп беремін» деген желеумен елорда тұрғынын алдап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны 2,2 млн теңгесінен айырылып қалды

«Полицияға ипотека рәсімдеу мәселесінде алданған елорда тұрғыны жүгінді. Белгілі болғандай, оның танысы ипотека рәсімдеуге көмек көрсете алатынын айтқан. Биыл сәуір айында күдікті өзінің қызметі үшін 2 млн 200 мың теңге алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамаған. Алданып қалған әйелдің айтуынша, танысы екінші деңгейлі банктерде бұл мәселені шеше алатын адамдары бар екенін айтып сендірген», деп жазылған қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Ұзақ күткен ипотекасынан нәтиже болмағасын, әйел күдіктіге қатысты полицияға арыз түсірген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті құрықталып, «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.