Медицина • 19 Желтоқсан, 2021

Иммундық жүйе неге жаңылады?

696 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Суықтағаннан, су жиналғаннан, сарыптан, шорланудан, қажалудан бола беретін буын ауруларының да түр-түрі бар. Оның ішіндегі ревматоид артрит – буындардың қабынып, адамның жасы, өмір сүру салты мен жай-күйіне қарамастан, кез келген шалдығуы мүмкін созылмалы аутоиммунды кесел. Мәселен, полиартритпен көбіне орта жастағы, әсіресе 36-45 жас аралығындағы әйелдер ауырады.

Иммундық жүйе неге жаңылады?

Адам 50, 70, тіпті 80 жасында да осы дертке душар болуы мүм­­кін. Ал ревматоид артритпен ба­лалар да (бір жастан 3 жас­­қа дейін) ауырады, бірақ ере­сек­терге қарағанда жеңіл түрінде.

«Барлығы жай ғана суық тиюден басталады. Әдетте, ең алдымен жалпы әлсіздік, шаршау секілді белгілер пайда болады. Осы белгілерге бірте-бірте бұлшық еттің ауыруы, тер­шеңдік, дене қызуының жо­ғарылауы қосылады. Осы­дан кейін буындар ауыра бас­тайды. Бұл ретте ауру кез кел­ген буынды зақымдауы мүм­кін. Полиартрит кезінде тыр­нақтардың әлсіз болуы, қаңқа бұл­шық­еттерінің босауы, плев­риттің дамуы, өкпе тінінің за­қым­дануы секілді белгілер пай­да болуы мүмкін. Оның көбісі рев­матоидты түйіндердің пай­да болуымен ілеседі», дейді Кар­диология және ішкі аурулар ҒЗИ ревматолог дәрігері Маржан Абдуллаева.

Полиартриттің басты белгі­сі – қол саусақтары буындары­ның зақымдануы. Тек қана осы симп­томға сүйене отырып диаг­ноз қоюға болады. Бірақ тізе ­буын­дары ауырған кезде диаг-­­
ноз қоюға асығуға болмайды, се­бе­бі бұл басқа аурулардың да бел­гі­сі болуы мүмкін.

Осы ауруға тән екінші белгі – адам таңертең оянған кезде өз саусақтарын жұма алмайтындай, қимылдай алмауы байқалады. Өкінішке қарай, әлі де әлемде полиартриттің нақты себептері анықталмады. Жұқпалы ауру­лардың, жан күйзелісі, тоңу немесе керісінше қатты қызды­рынудың салдарынан да им­мун­­дық жүйе жұмысынан жа­ңы­­латыны белгілі. Кеселдің мау­­сымдық асқынулары және ағза­­ның физиологиялық қайта ал­масу кезеңі: жасөспірім жас­та, әйелдің босанғаннан кейінгі ке­зең мен етеккір тоқтауының бас­талуы арасындағы байла­ныс бай­қалады. Қалыпты жағ­дай­да им­мундық жүйенің жа­сушала­ры ағзаның өз тіндері­не зиян келтірмей, вирустық ин­­фек­ц­иялармен қарсыласа алады.

Заманауи медицинада поли­арт­ритті емдеу үшін базистік терапияны, яғни иммундық жүйе жасушаларының антиденелерді шығару белсенділігін төмен­дететін ем, базистік терапия пайдаланылады. Осындай терапия емдеудің алғашқы күнінен бастап жүргізіліп, өмір бойы жалғасады.

Мамандардың айтуынша, сырқаттарға үнемі қабылдайтын препараттар тағайындалады. Тек осындай жағдайда ғана ауру уақыт өте келе басылып, адамның денсаулығы дұрысталып, жақсы жаққа өзгере бастайды. Емдеу сырқаттың белсенділігі мен ұзақтығына тікелей байланыс­ты. Әр науқасқа жеке емдеу кестесі таңдалады. Метотрек­сат, методжект емдеу әдісінің ал­тын стандарты болып табылады. Олар көп дозада қолданыла­ды және кері әсерлерді тудыр­майды. Препараттар аптасына бір рет қана қолданылады, бұл ретте аурудың ағымы бақыланып ­отырады. Денсаулықтың жақ­сар­ғаны ем басталғаннан 4-6 айдан кейін ғана байқалады.

Сондықтан базистік тера­пиямен бірге ауырсынуды басу үшін жылдам әсер ететін нес­тероидті қабынуға қарсы препараттармен емдеу және кей жағдайда глюкокортикостероидтар (ағза шығаратын табиғи стероидті гормондарға ұқсас заттар) қолданылады. Бұл теріге мейлінше терең сіңетін және буынға әсер етіп қыздыратын гельдер, майлар болуы мүмкін, бірақ жақсы әсер алу үшін майды күніне 3 рет пайдаланған жөн. Нестероидты препараттар қабынуды, ауыру сезімдерін азайтады.

Адам денсаулығына минералды сулар, емдік ванналардың да шипасы мол. Сондықтан да ең алдымен стационарда емделіп, содан кейін физиотерапевтік ем қабылдап (жарты жылда 1 рет), күн сайын арнайы емдік гимнас­тика жасап және қимыл-тірек аппараты ауруларын емдейтін шипажайға жылына бір рет барған дұрыс, дейді дәрігерлер.