07 Наурыз, 2014

Бизнестің бәсекелестігін арттыруға ықпал

667 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қазақстанды интеграциялық үрдістерге тарту та­уарлар мен қызметтерді өткізу нарығын кеңейту және отандық өндірісті дамыту үшін алғышарттар жасайды, бұл алдымен отандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Атап айтар болсақ, Кеден одағы қуаты шамамен 170 млн. адам болатын бірыңғай нарықты құруға мүмкіндік берді. Бұл қа­зақ­с­тандық кәсіпорындар үшін нарық 10 есе кеңейгенін білдіреді. Алайда, отандық кәсіпкерлерді алаң­дататын жайттар да бар. Себе­бі, қазақстандық кәсіпорындар үшін бәсекелестік жаңа деңгейге көшеді. Қазақстанның шағын және орта бизнес субъектілерінің саны Ресеймен салыстырғанда 3 есе аз екенін де ескерген жөн, ал бұл ауқымы әртүрлі болғандықтан қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігіне жағымсыз әсерін тигізеді. Статистика деректеріне сәй­кес, бүгінгі күні Қазақстанда 1,5 млн. шағын және орта бизнес субъектілері, Ресей Федерация­сын­да 4,6 млн, Беларусь Республи­ка­сында 403 мың субъект тіркел­ген. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің градациясы Кеден одағына қатысушы елдер­ден айырмашылығы бар. Мыса­лы, Ре­сей мен Беларусь Рес­публи­ка­сында шағын кәсіпкерлік субъек­тілері – 100-ге дейін, Қазақ­станда 50 жұмысшыларға дейін еңбек етеді. Отандық кәсіпкерлерді қолдау және бәсекелестік деңгейін дамыту мақсатында министрлік «Биз­­нес­тің жол картасы-2020» бағдар­ламасын іске асыруда. Осы бағ­дар­ламаның шеңберінде кәсіп­кер­лерге кредиттердің пайыз­­дық ставкасын субсидиялау, кре­дит­терді кепілдендіру, өн­ді­рістік инфрақұрылымды құру, ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкер­лерге гранттар ұсыну жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы елдер заңнама­сы­ның үйлесімі бойынша жұмыстар­дың шеңберінде Ресей және Беларусь Республикасы тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілері қыз­ме­тінің кейбір салаларында тексеру жүргізу тәртібін біріздендіруді немесе кейбір рұқсат беретін құ­жат­­тарды, оның ішінде ли­цен­зияларды берудің бірыңғай тәртібіне кел­ті­руді ұсынып отыр. Аталған жұ­мыс Кеден одағы елдерінің заңна­ма­сынан нормаларды тиісті алып тастауларды жүргізу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен қатар, БЭК елдерінің шеңберінде өнеркәсіптің нақты салалары бойынша, тау-кен металлургиясы, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты бірқатар іс-шаралар іске асырылып жатыр. Қазақстанның аумағында қуаты жылына 120 мың бірлік толық циклды автомобиль өндірісін құру бойынша «АвтоВАЗ» ААҚ және «Азия Авто» АҚ альянсының бірлескен жобасы оған мысал. Бұл кәсіпорынның бола­шақта Қазақстан, Ресей Федера­циясының Қиыр Шығыс және Сібір федерал­дық округтері және Орталық Азия республикаларында үлкен өткізу нарығы бар және Қазақстанның ішінде салааралық кооперацияны дамыту үшін жағдай жасайды. Теміржол машинасын жасау саласы бойынша Қазақстанда шетелдік, оның ішінде ресейлік компаниялардың қатысуымен технологиялық жағынан күр­делі жобалар іске асырылып жатыр. Астана қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың (Қазақстан), «Транс­машхолдинг» ЖАҚ (Ресей) және «Alstom Trasport» (Франция) қатысуымен жүк және жолаушы электровоздарын шығару зауыты бар. Бұдан басқа, БЭК елдерінің кооперациясы бойынша ең перс­пективалы бағыттардың бірі Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы өңірлерінің әлеуетін пайдалану болып табылады. Ресейге ет-сүт, нан-тоқаш өнімін, астық, киім-кешек заттарын экспорттаудың әлеуетті мүмкіндіктері бар. Жал­пы, Ресейдің шекара маңы өңірлерінің әлеуетті өткізу нарығы 26 млн. адамнан асады. Сонымен қатар, Қазақстан Рес­публикасы мен Ресей Феде­ра­циясының арасындағы Х Өңір­ара­лық ынтымақтастық форумына дайындық кезінде 2013 жылғы ақпанда Қостанай облысының кәсіпкерлері Свердлов облысы, Екатеринбург қаласына барды. Іссапар шеңберінде Қостанай және Свердлов облыстары арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, оның ішінде тәжірибе, технологиялар алма­су, өңір­лердің мамандануын ес­ке­ре отырып, бірлескен өн­ді­­ріс­­тер құ­ру мәселелері қа­рас­­­­ты­рыл­ды. Нәтижесінде «Агромаш­Хол­динг» Свердлов об­лы­­сының кәсіп­орын­дарымен одан әрі ынты­мақ­тастық туралы келісімдер жасасты. Қорытындылай келе, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде Ресей мен Беларусь Республикасымен өзара тиімді ықпалдасу тұғырнамасы біздің өңірлеріміздің бәсекеге қабілеттілігін жаңғырту және өсіру үшін капиталдың, жаңа технологиялардың, білім-ғылым­ның жетілуіне ықпал ететіндігін баса айтса болады. Еркебұлан САПАРБЕКОВ, Өңірлік даму министрлігі Экономикалық интеграция және ынтымақтастық басқармасының басшысы.