Білім • 20 Желтоқсан, 2021

Қазақстандағы шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті

810 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер саны 30 мыңға жетті. Көбінесе АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсуі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті

Білім алушылардың 64%-ы ТМД елдерінен келген.

«Қазақстандық университеттер түрлі халықаралық білім беру көрмелеріне белсенді қатысуда. Мәселен, осы жылдың қараша айында Қазақстанның Қырғызстан астанасы Бішкек пен Өзбекстан астанасы Ташкент қалаларында құрылған күндері өткізілді. Осылайша, басқа елдердің азаматтары біздің жоғары оқу орындарымыз туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, біздің университеттеріміз шетелдік студенттерге арнайы білім гранттарын бөліп отырады. Негізінен, шетелдік студенттер «Медицина», «Педагогикалық ғылымдар», «Бизнес, басқару және құқық», «Әлеуметтік ғылымдар» бағыттарын таңдайды», деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Білім беру қызметтерінің экспортын ынталандыру тетіктерінің бірі – шетелдік азаматтар үшін стипендиялық бағдарламаны іске асыру. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2019 жылы іске қосылды. Бағдарлама шетелдік студенттерге, оның ішінде Қазақстан азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға гранттар бөлуді көздейді.

Осы бағдарламаны іске қосудың бірінші жылында қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігін үлгерімі жоғары 89 шетелдік азамат алды. 2021 жылы бұл сан 2,5 еседен астам өсті және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері бойынша 240 грантқа жетті.

Айта кетсек, биыл қазақстандықтар үшін рекордтық 56 мың грант бөлінді. Сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларының саны едәуір артты. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жоғары оқу орындары білікті шетелдік мамандарды тартады. Олар қазақстандық жоғары оқу орындарының басшыларымен, оқытушыларымен тәжірибе алмасып, студенттерді жаңа технологияларға, ғылыми зерттеу әдістемелеріне оқытады.

Сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындары жылдан жылға халықаралық білім беру кеңістігінде өз позицияларын нығайтуда. Мысалы, QS рейтингіне 14 қазақстандық ЖОО, Times Higher Education-ге 3 университет кірді.