07 Наурыз, 2014

Мазмұнды жүздесу

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алдыңғы күні «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіру және насихаттау  жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қала жұртшылығымен кездесуі болып өтті. Астана қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл бұқаралық шараға елорда тұр­­­ғын­дары көптеп жиналды. Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстан жолы – 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан туын­дайтын міндеттер мен бағ­­­дарламалар осы кездесу ба­­ры­сын­да жан-жақты тілге тиек етілді. Жиналған жұрт ал­дын­­­да республикалық ақпа­­­рат­­тық-насихаттық топ жетек­шісі, Қар­жы министрі Бақыт Сұл­та­нов, топ мүшелері, Өңір­лік даму министрлігінің құры­лыс және тұрғын-үй комму­нал­дық шаруашылығы істері жөніндегі комитетінің төрағасы Владислав Галиев, Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік департаментінің директоры Әділ Жұмағалиев Мемлекет бас­­шысының халыққа арнаған биылғы Жолдауы туралы ке­шен­ді әңгіме қозғап, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуының нақты мәселелеріне тоқталды. Әсерлі кездесуден кейін рес­публикалық ақпараттық-наси­хаттық топ мүшелері өтініш білдірген азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастырып, олардың өтініштері мен сұра­қ­тарына жауап берді. «Егемен-ақпарат».