Әдебиет • 20 Желтоқсан, 2021

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі – «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпазы

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі – «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпазы

«Алтын тобылғы» байқауында жыл сайын республика көлемінен дарынды әдебиетшілер анықталады.

Бұл - шығармашылық жастар арасында сұранысқа ие жобаның бірі. Жеңімпаздар арасында «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақын да бар. 

«Қатысушылар еңбегінде халықтың құндылығын, тарихын, мәдениетін, адамгершілік қасиетін, тәуелсіздік кезіндегі қазақстандықтардың жетістігін, егемен Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін көрсетті.

Байқауға қатысып, қызықты дүниелер көрсеткені үшін әрбір авторға алғыс айтамыз. Сіздердің еңбегіңіз заманауи әдебиетті оқуға, рухани құндылықтарды нығайтуға деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді», деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Байқау жеңімпаздары:

- «Жылдың үздік прозасы» номинациясы Жәмила Абдуллаева («Ұят, қызым!» романы);

- «Жылдың үздік поэзиясы» - Дүйсенәлі Әлімақын («Күзгі кеште гүл есінер»);

- «Жылдың үздік драматургиясы» - Әлішер Айтуар («Иллюзия»);

- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» - Жадыра Байбұланова («Әшекей»);

- «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туынды» - Шапағат Әбдірұлы.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туынды» номинация иесі 3 млн. теңге, ал қалған жеңімпаздарға 2 млн теңге табыс етілді.