Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы ашылды

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Архив-2025» жобасын іске асыру бойынша кешенді жоспарды орындау аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен ҚР Ұлттық архиві жанындағы Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы ашылды

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, ғалымдар, мұрағат саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысып, орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын ашатын фотоқұжаттық экспозициялармен танысты.

Ералы Тоғжанов құттықтау сөзінде архив саласын жетілдіру, мемлекеттік және ведомстволық архивтердің функцияларын автоматтандыру бойынша ақпараттық технологияларды енгізу бойынша қабылданған шаралар тізбегін атап өтті.

ен

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары «мұрағатшы» мамандығының беделін арттыру, кәсіби кадрларды тарту мақсатында мемлекет жыл сайын жалақыны көтеру, дуальді білім беру, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау іспеттес шаралар кешенін қабылданғанына тоқтала кетті.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мұрағат саласы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, оның ішінде реставратор, ғылыми-техникалық және аудиовизуалды құжаттарды өңдеу сияқты тар мамандықтар бойынша  алғаш рет ашылған орталықтың маңыздылығын атап өтті.

н