«Мен әрқашан Тейлорға қарсы рингке көтерілуді мақсат тұттым. Сондықтан да онымен жұдырықтасуым кездейсоқтық емес. Командамызбен бірге сол мақсат жолында талмай тер төктік.
Жекпе-жектің өтетіні белгілі болған кезде біз бірден жаттығуды бастап кеттік. Төрешілер жеңісті ирландиялық боксшының еншісіне жазғанына қарамастан, рингте кездескенім үшін қуаныштымын. Шайқасты бәріңіз көрдіңіздер ғой. Мен жақында сол чемпиондық белдіктерді иеленетін боламын», дейді Фируза Шарипова.