07 Наурыз, 2014

Турне аясындағы сапар

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов пен ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопиннің кездесуі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында саяси, экономикалық, сауда, инвестиция, мәдениет және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастық, сонымен қатар, халық­ара­лық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Украинада орын алған жағдайлар талқыға салынды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы мамырға жоспарланған Қытайға мемлекеттік сапары, алдағы сәуір айында Боао азиялық форумының жұмысына қазақстандық делегацияның қатысуы және еліміз Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың осы айдың екінші жартысында ҚХР-ға жоспарланған сапары келіссөздердің негізгі тақырыбына айналды. Кездесу Чэн Гопиннің Украинада орын алған жағ­дайлар бойынша консультациялар өткізу мақса­тында шетелдерді аралау турнесі аясында өтті. Осыған дейін ол Киев, Минск және Мәскеу қалаларында болған еді.