Ақмола облысында тұратын қадірлі ақсақал Құдайберген Құсайынов биыл 105-ші көктемді қарсы алды.
Етігімен су кешіп, жастық шағын от жалында өткізген Құдайберген ақсақал екі ғасырдың куәгері. 1945 жылы туған жеріне оралған ол көп жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарды. Қазір жергілікті әкімдік бөлген көп қабатты пәтерлердің бірінде туыстарымен бірге тұрып жатыр. Осы аймақтағы әлеуметтік қызметкерлер де қарияның үйіне келіп, қолғабыс жасауда. Сол сәтте Құдайберген атамыз қолына домбыра алып, жастардың көңілін көтеретін көрінеді. «Мен ұрпағымның бақытты өмір сүріп жатқанына қуанамын. Біз көрген сұрапыл соғысты адамзат баласы бастан кешірмесін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз аман болсын!», деп Құдайберген ата сөз орайында тілегін білдірді. Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар... Иә, белгілі ақынның өлең жолында айтылғандай, от жалында есейген қариялар қатары азайып бара жатыр. Алайда, бақытты ұрпағымызға қарап, шүкіршілік етеміз... Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Төлеген Қосшығұлов.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше