Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2021

Алматы көшелеріне «ақылды» бағдаршамдар орнатылды

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мегаполис көшелерінде 93 «ақылды» бағдаршам жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы көшелеріне «ақылды» бағдаршамдар орнатылды

Қалалық ПД әкімшілік полициясы хабарлағандай, мегаполисте жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғыртудың, қайта құрудың және дамытудың бірінші кезеңі бойынша жұмыс мәресіне жетті. Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша, жүйеге 93 бағдаршам қосылды.

«Бүгінде УПО ғимараттарын жөндеу жұмыстары аяқталды, қызметтік бөлме мен детекторлық зертхана жабдықталды, 93 бағдаршам нысанында Euro контроллерлер орнатылды. ЖҚБАЖ-ға 357 бағдаршамды қосу бойынша екінші кезеңдегі жұмыстар 2022 жылға жоспарланған. Екінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе нақты уақыт режимінде бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын, статистиканы есептеуді және көлік қозғалысы қарқындылығын талдауды, бейімделу режимінде кері санақ тақтасының жұмысын ескере отырып, қиылыстардағы қозғалысты реттеуді қамтамасыз етеді», деп түсіндірді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Екінші кезеңнің маңызды көрсеткіштері:

  • Көлік өткізу қабілетін арттыру - 18-20%;
  • Жол жүру уақытын қысқарту - 15-25%;
  • Жол бойындағы аялдамалар санының азаюы - 20-40%;
  • Атмосфераға шығатын шығарындылар көлемін азайту - 7%;
  • Жанармай шығынын азайту - 5-10%;
  • Қоғамдық көлік қозғалысының кешігуін азайту - 20-60%.