Спорт • 22 Желтоқсан, 2021

Каратэден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін командалық жарыста Қазақстан әйелдер командасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каратэден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды

Қазақстан намысын Софья Берульцева, Сабина Захарова және Мөлдір Жаңбырбай қорғаған болатын. 

Кіші финалда қазақстандықтар Иран құрамасын жеңді. 

Ал Қазақстан ерлер командасы алтын медальға таласады. Олар да Иран командасымен жолығатынын естеріңізге саламыз.