Коронавирус • 22 Желтоқсан, 2021

«Спутник Лайт» Қазақстанға қашан жеткізіледі?

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға «Спутник Лайт» вакцинасы қашан қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Спутник Лайт» Қазақстанға қашан жеткізіледі?

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, бүгінде қазақстандықтар QazVac пен Sinopharm препараттарымен ревакцинациядан өте алады.

«Бүгінде Қазақстанға «Спутник Лайт» вакцинасын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. «Спутник Лайт» - ревакцинация үшін пайдаланылатын бір компонентті вакцина», деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Айжан Есмағамбетова вакцинаны жеткізудің жоспарланған мерзімін атады.

«Оптимистік болжаммен желтоқсан айының соңына дейін аталған вакцинаның алғашқы партиясы келуі мүмкін деп ойлаймыз. Мұның бәрі бізге байланысты емес екенін айтқым келеді. Қазіргі уақытта әлем бойынша вакцинаға деген қажеттілік жоғары. Оның үстіне көптеген елдер ревакцинацияны шұғыл түрде бастайды. Тиісінше, вакцинаға қажеттілік артып келеді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі әртүрлі вакцина жеткізушілермен келіссөздерді жалғастыруда», деді комитет төрағасы.