Әлем • 23 Желтоқсан, 2021

Коронавирус: Оңтүстік Кореяда тәуліктік антирекорд тіркелді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Корея Республикасында 22 желтоқсан күні коронавирусқа шалдыққан 109 адам қайтыс болды, бұл – ең жоғары тәуліктік көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус: Оңтүстік Кореяда тәуліктік антирекорд тіркелді

Бұл туралы YONHAP агенттігі мәлім етті.

Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) деректері бойынша, елде тағы 6 919 вирус жұқтыру жағдайы (6 856-сы – жергілікті) тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны 589 978-ге жетті.

Сейсенбі күні көрсеткіш 5 202 болған, ал сәрсенбі күні 7 456 жұқтыру жағдайы тіркелген. Бейсенбі күні жұқтыру жағдайы азайды. Қарашаның соңынан бастап 4-7 мың жұқтыру жағдайы тіркеліп отырған.

KDCA хабарлауынша, 1 083 науқастың жағдайы ауыр, оның алдындағы рекорд сәрсенбі күнгі 1 063 болған. Елде бір тәуліктің ішінде 109 адам вирустан көз жұмды, салдарынан өлім саны 5 015-ке жетті. Осылайша, Оңтүстік Кореяда өлім үлесі 0,85% болып отыр.



Соңғы жаңалықтар

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15