Хоккей • 23 Желтоқсан, 2021

ҰХЛ хоккейшілері Бейжіңдегі қысқы олимпиадаға қатыспайды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық хоккей лигасы хоккейшілері 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

ҰХЛ хоккейшілері Бейжіңдегі қысқы олимпиадаға қатыспайды

Ұйым бұл шешіміне коронавирус әсер еткенін айтты. Себебі, ковидке байланысты 50 ойынды кейінге шегеріп, рождестволық үзілісті мерзімінен бұрын бастауға тура келуде.

«ҰХЛ-дың бұл шешімі бізді таң қалдырса да, мұны қабылдауға себеп болған жайттарды толық түсінеміз. СOVID-19 бір мезетте ҰХЛ күнтізбесіне бастан-аяқ әсерін тигізгенін көрдік. Сол себепті, бұл шешім ҰХЛ ойыншыларының денсаулығының қауіпсіздігі үшін қажет деп ойлаймыз», деді IIHF президенті Люк Тардиф.