Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

794 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

«Әкімнің бұрынғы орынбасары Малика Бектұрова басқа қызметке ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Президент Әкімшілігімен келісе отырып, 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев әкімнің орынбасары болды», делінген хабарламада.

Бекмұрзаев еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы болып бастаған. Осы жылдар ішінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы қызметін, 2017-2021 жылдар аралығында елорданың Инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, бастығы болып жұмыс істеген. 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі - 15 жыл.