Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері, әрі қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болған Жандарбек Бекшин келесі жылдың 5 қаңтарынан бастап зейнетке шығады.
Сондай-ақ белгілі болғандай Жандарбек Бекшин 27 желтоқсаннан бастап еңбек демалысына шығады.
«Менің келісімшартымның мерзімі аяқталды. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес зейнеткерлерге жұмысты бір жылға ұзартуға болады. Мен бұған дейін келісімшартты бір рет ұзартқандықтан, екінші рет болмайды. Қаңтардан бастап жұмыстан кетемін», деді Жандарбек Бекшин.