Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2021

Шымкенттің бірқатар ауданында жарық сөндіріледі

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 желторқсан күні Шымкент қаласының бірқатар ауданында жарық сөндіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттің бірқатар ауданында жарық сөндіріледі

Мегаполисте Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жобасына сәйкес қуаты 110 кВ электр желісінің орны ауыстырылуы тиіс. Желіні ауыстыру жұмысы 26 желтоқсан күні сағат 06:00-ден күндізгі 13:00-ге дейін жүргізілмек.

Осыған байланысты келесі шағынаудандар электр қуатынан уақытша сөндіріледі:

  • Абай ауданы: Қызылжар, Жайлау, Қатын көпір, ш/а Тельман, Ақ ниет, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Куйбышев, Көкжайлау, Агропром, Самал-1,2,4 шағын аудандары;
  • Қаратау ауданы: Қайнар бұлақ, Достық, Қайтпас-1,2, Ақжайық, Азат, Нұрсәт, Түркістан, Тұран, Ұлағат, Қара жол, Мирас;
  • Еңбекші ауданы: 18 ш/а, 17 ш/а, Шығыс, Солтүстік, кіші Самал, Сайрам;
  • Әл-Фараби ауданы: Спорт ш/а, Талапкерлер қалашығы, Наурыз, Отырар, Тұран.
  • Көшелер бойынша: Байтұрсынов, Қонаев, Арғынбеков, Төлеметов, Рысқұлов, Бәдібек би, Жібек жолы, Төреқұлов, Қазыбек би, Әл-Фараби, Дулати, Алматы трассасы, Желтоқсан, Шаяхметов, Ерімбетов, Тәуке хан, Қазиев, Адырбеков, Мәделі қожа.

Әлеуметтік нысандарда электрмен қамтамасыз ету үшін электргенератор пайдалану ұсынылып отыр.

«Қала тұрғындарынан туындайтын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз», деп ескертті әкімдік өкілдері.