Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2021

Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

«Антициклон жотасы Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек батыс және оңтүстік аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен қар мен жаңбыр түріндегі  жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады, жел күшейіп, батыста жаяу бұрқасын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі», делінген хабарламада.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады, батысында тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болып, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде және таңертең орталығы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ болып, тұман түседі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с соғады.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі, Алакөл маңында жел 17-22 м/с соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Қостай облысының батысында тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен орталығында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Павлодар облысының жолдарында көктайғақ болады.