Ұлтының барын жарқырата көрсетіп, жоғын өмір бойы іздеп өткен академик Әлкей Марғұлан «Құсбегілік – ұлы мәдениетіміздің зерттелмей тұрған ұлы тарауларының бірі» деген екен. Заманның ұлы бола жүріп, халқының қадір-қасиеттерін қағазға түсіріп кеткен ғалымның бай мұрасы қазір тәуелсіз еліміздің түп-тамырын түгендеуге ерекше үлес қосып отырғаны анық. Соның бір парасы Әлкей Хақанұлының қазақтың құсбегіліне қатысты зерделі зерттеулері дер едік. Ол дүниесі кезінде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Иә, бір кезде зерттеулерде көрсетіліп, ауызекі тілде айтылып келген құсбегілік өнер елдігіміздің арқасында қазір биік белеске көтерілді деуге болады. Ана бір жылдары бүркіт салуды көне көздер бастаса, қазір жастар жалғастырып келеді. Солардың бірі – қазақ қыздардың арасынан тұңғыш рет құсбегілікті өзіне серік еткен Мақпал Әбдіразақова болды. Қарғадайынан атқа қонып, тылсым табиғаттың сырын ұққан Мақпал Мұратқызы он үш жасында қолына қыран қондырыпты.
– Қазақтың байтақ даласында құс салу бір ғанибет қой! Бұл саятшылықтың қыр-сырын біздің ұлттай меңгерген жұрт әлемде сирек шығар. Мен мектеп табалдырығын аттап, әртүрлі кітаптар оқи бастаған тұста, неге екенін қайдам, құстар әлемі қатты қызықтырды. Сөйтіп жүргенде, бүркітшілік туралы басылымдарда мақалалар шығып, теледидардан саятшылық жайлы көрсете бастады. Қызығып қана қоймай, сол құсбегілікке ден қойдым. Бүркіт ұстап кең далада жүру арманыма айналды. Менің осы ынтамды аңғарған әкем Алатау баурайындағы бүркітшілерге әдейілеп апарып, көнекөздермен таныстырды. Тілеубек Есімбек, Әбен Тоқтасынов, Сейітжан Көдеков секілді байырғы құсбегілердің батасын алдым. Менің бойымдағы талпынысты, талабымды көрген олар түбі осы қыран болуы тиіс деп балапан бүркіт сыйлады. Мен оған «Ақжелке» деген ат қойдым. Содан бергі 15 жыл ішінде «Ақжелкені» баулып келемін. Мен оған, ол маған үйренгені сонша бір-бірімізді көргенде ерекше күйге түсетініміз бар, – дейді Мақпал.
Ол бұдан кейін бүркітшілік нағыз табиғат құдіретіне бас иетін өнер екенін, ұлттық спорттың бренді дәрежесіне көтеру қажеттігін тарата айтады. Қыран құсты баптаудың өзі бір әлем болып саналатынын, оның қыр-сырын білмесең киелі құсты қор қылатыныңды назарға салады. Болашақта құсбегілік өнерді әлемдік биікке көтеру, тіпті патенттеп алу жағын еске салып, қазір бұл спорттың түріне деген өзге жұрттардың ұмтылысы ерекше болып тұрғанын тілге тиек етеді.
Мақпал Мұратқызы ата-дәстүрді жалғастыра жүріп, заңгерлік мамандықты оқып алыпты. Қазір Шет аудандық жер қатынастары бөлімінде қызмет етеді екен. Облыс көлеміндегі «Қайрат» ұлттық ат спорты мектебінде «Саят» бөлімі жұмыс істейтінін айтып, әкесі екеуінің тығыз байланыста жүргенін де алға тартты. Жетісу өңіріндегі «Құсбегілер» федерациясымен берік қарым-қатынас жасап жүргенін жеткізіп, «Алдағы уақытта азат елдің құсбегілері ұлттық дәстүрімізді, бабалар үлгісін төрткүл дүниеге таныту үшін бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып, бірлікте жұмыс істеуіміз керек. Сөйтіп, алда айтқанымдай, құсбегілік бойынша қазақ халқының тағы бір брендін қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр болар еді», дейді құсбегі қыз бүгінімен қатар ұлт келешегіне жіті көз салып.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

Көмекке келген дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасады
Қоғам • Бүгін, 21:53
Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 21:19
Спорт • Бүгін, 20:51
Ормуз бұғазына балама: Түркия мен Сауд Арабиясы жаңа теміржол дәлізін салады
Әлем • Бүгін, 20:30
Елімізде ондаған жаңа өндіріс іске қосылып, мыңдаған жұмыс орны ашылады
Экономика • Бүгін, 20:18
Мемлекет басшысы халықаралық және ведомстволық мәселелерге қатысты заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 19:30
Президент Канада халқына бақ-береке тіледі
Саясат • Бүгін, 19:05
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
Қоғам • Бүгін, 18:30
Астанада көпір үстінде ереже бұзған көлік жүргізушісі жазаланды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды
Қоғам • Бүгін, 17:57
Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді
Шахмат • Бүгін, 17:45
Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет
Қоғам • Бүгін, 17:30
Ұлттық банк зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінің өсу себебін түсіндірді
Банк • Бүгін, 17:25
Әлем чемпионатының ашылу салтанаты үш елде өтеді
Футбол • Бүгін, 17:14
Атырауда «Адалдық жаршысы» республикалық жабық жыр мүшәйрасы басталды
Руханият • Бүгін, 16:55