Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2021

Ақтөбеде Алаш қайраткерлерінің мемориал кешені ашылды

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде бүгін, 25 желтоқсанда Алаш қайраткерлері бейнеленген «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ақтөбеде Алаш қайраткерлерінің мемориал кешені ашылды

Кешеннің ашылуына «Алаш ұраны» гимні орындалып, «Алаш» партиясының туы көтерілді. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Темірбек Жүргенов пен Ұзақбай Құлымбетовтің туыстары, қоғам қайраткерлері мен өңірдің ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мемориалдық кешенге «Алаш» партиясының Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жаханшы Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Телжан Шонанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды белгілі қайраткерлерінің барельефті бейнелері бар.

Әлия Молдағұлова мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында орналасқан рельефті композицияның биіктігі 5 метр, ал ұзындығы 7 метр. Жоба авторы - мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

«Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарды ұлықтап, олардың тауқыметке толы тағдырынан тағылым алуға тиіс. Тарихтан тағылым алмағандар үшін қасырет әрдайым қайталанады. Бүгінгі «Азаттықтың ақ таңы»тарихи кешені Тәуелсіздік жолында күрескен Алаш қайраткерлеріне, олардың мұрасына деген адалдығымызды аңғарту мақсатында ашылып отыр!», деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

Шара соңында қонақтар мемориалды кешенге гүл шоқтарын қойды.