Президент • 27 Желтоқсан, 2021

Мемлекет басшысы Серік Шәпкеновті қабылдады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Серік Шәпкеновті қабылдады

Президентке министрліктің биылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары және Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді. Атап айтқанда, жаңа жылдан бастап төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін жеткені және тағы 591 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өсетіні жөнінде айтылды.

Сонымен қатар министр жұмыссыздықпен күрес бағытына да тоқталды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Серік Шәпкенов жұмыспен қамту орталықтарын цифрландыру бойынша мәлімет берді. Оның айтуынша, жұмыс іздеген азаматтардың 33 пайызы онлайн қызмет түрін пайдаланған, 26 мың жәрдемақы электронды түрде рәсімделген.

Сондай-ақ биыл 988,8 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына министрліктің алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы баяндалды. Соның ішінде Серік Шәпкенов Әлеуметтік кодекс әзірлеу, зейнетақы жүйесін жаңғырту, кәсіби біліктілікті арттыру туралы заң жобасын және 2022-2026 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындау сияқты негізгі төрт бағытты атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.



 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15