Баспасөз конференциясы барысында «Барыс» президенті Борис Иванищев команда капитанының кету себебі туралы сұраққа жауап бермеді.
«Даррен «Барысқа» және қазақ спортына көп жұмыс істеді. Ол - біздің хоккейдегі көрнекті тұлға, бірақ оған және біздің клубқа ары қарай жылжудың уақыты келді. Соңғы уақытта оған және оның хоккейден тыс өміріне көп көңіл бөлінді. Команданың басқа ойыншылары да өздерін көрсететін уақыт келді, біз осындай шешімге келдік», деді Борис Иванищев.
Еске сала кетсек, ЦСКА мен «Барыс» хоккей клубтары спортшылармен өзара алмасып, оның аясында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц мәскеулік команданың қатарын толықтырды.