Әлем • 28 Желтоқсан, 2021

Оңтүстік Африканың бірнеше қаласын тасқын су басып қалды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Африка Республикасының астанасы Претория мен елдің ең ірі қаласы Йоханнесбургтің басым бөлігі толассыз жауған нөсер салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Африканың бірнеше қаласын тасқын су басып қалды

Жергілікті биліктің мәліметінше, астаналық аудандар – Хамманскрал мен Бронхорстспруит жартылай су астында қалған. Тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр, құтқару жасағының қызметкерлері су тасқынын жою үшін ор қазуда. Зардап шеккендер муниципалдық құрылыстардағы уақытша баспаналарға ауыстырылды.

Йоханнесбургте Юкскей өзені арнасына асты, Дипслут, Клиптаун және тағы бірнеше елді мекеннің аудандарын су басты.

Елдің басқа аймақтарында да бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауды. Тасқын салдарынан сегіз адам қаза тапты.