Экономика • 29 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда инфляция төмендеді - Ұлттық Банк

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2021 жылғы қарашада инфляция 0,7% құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш - 0,9% болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда инфляция төмендеді - Ұлттық Банк

«Жылдық инфляция 8,7% деңгейінде қалыптасты (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%). Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына бағалар жылдық мәнде 10,9%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 8,3%-ға, ақылы қызметтерге - 6,4%-ға өсті», дейді ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Ұлттық Банкте 2021 жылғы қарашада халықтың сауалнама нәтижелері бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның сандық бағасы 10,8%-ды құрағанын атап өтті.