Оқиға • 30 Желтоқсан, 2021

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды

3243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Бұл туралы Рavlodarnews.kz мәлім етті.

Шарбақты ауданы полиция бөліміне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түскен.

«Аталған фактіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Криминалист тексеру барысында саусақ іздерін анықтады», деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп, картотека бойынша сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.

Жедел уәкілдер оңай жолмен пайда тапқысы келген күдіктіні ұстады.

Тергеу жалғасып жатыр.