![«Тұран» ФК-ға жаңа спорт директоры тағайындалды](/media/2021/12/30/crop-20_7_450x757_201131_0cdf653678683c2722a3d6f4e2517099.webp)
Осылайша «Тұран» ФК-ның спорт директоры болып Фархадбек Ирисметов тағайындалды.
Рrosports.kz порталы 40 жастағы маманның өткен маусымда «Тұран» футбол клубының бапкерлер штабында қызмет еткенін жазған.
Фархадбек Ирисметов Қазақстанның 9 клубында өнер көрсеткен. Үш дүркін ел чемпионы (2002, 2003, 2010) атанып, екі мәрте ел Кубогы (2007, 2011) мен Суперкубокта (2012) жеңіске жеткен.